|
№ 12 (39), 30 маусым 2006 жыл «Отан» мен «Асардың» «үйленуi» мүмкiн бе? Қазақстанның саяси партиялық жүйесiнде алдағы аптада үлкен өзгерiстер болуы мүмкiн. Елдегi көппартиялық саясат қоспартиялыққа қарай алғашқы қадам жасады. Саналы, ерiк-жiгерiмен. Маңыздысы да осы болып тұр. Әлi көп мәселенiң басы ашып айтылған жоқ. Бiрақ бiзде қалыптасып қалған бiр қағида бар, ол партия жетекшiлерi жиi айтатындай, «бәрiн съезд шешедi». Дәлiрек айтсақ, шешiлiп қойылған, съезге келген партия делегаттары алдын ала мақұлданып қойылған мәселелерге қол көтерiп, бек қуаттайды. Жұмбақтамай мәселенiң басын ашып айтайық, 4 шiлде күнi Астанада «Отан» партиясының кезектi съезi өтедi. Ондағы негiзгi мәселе – президенттiк партияларды бiр шаңырақтың астына қосу. Бiр партия құру туралы бастамалар да айтылуы кәдiк. Сценарий бойынша. Десек те... Толығымен![]() Қазақстандағы БАҚ-тың «бағы» кiмнiң қолында?
![]() ҚАЗАҚ ЖУРНАЛИСТЕРIНIҢ КҮНI – 10 МАМЫР ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында «Газет – халықтың көзi, құлағы һәм тiлi» деген пiкiрi қанатты қағидаға айналған ұлы Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетiнде былай деп жазады: «...газет – халықтың даушысы. «Жұртым» деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, намысын жоқтатпайтын азаматтары газет арқылы халықтың сөзiн сөйлеп, пайдасын қорғап, зарарына қарсы тұрып, қарғаға көзiн шоқытпасқа тырысады». Талай-талай асуларды уақыт желiсiнде артқа тастап келе жатқан замана көшiнде бұл сындарлы ойдың салиқалы мағынасы кеңи түспесе тарылған емес. Ұлы ағартушының ғақлиялы сөзi 136 жылдық тарихы бар ұлттық журналистикамызда нақ бағдаршам секiлдi бағыт сiлтеп, ұлтық болмыс-бiтiмнiң шырайын келтiруде тарих баспалдақтарын бiрге аттап келедi. Толығымен![]() ИДЕОЛОГСЫЗ ҚАЛҒАН ОППОЗИЦИЯ ӨЗ СТРАТЕГИЯСЫН ҚАЙТА ҚАРАУЫ КЕРЕК
![]() УКРАЙНА: «БЫЛАЙ ТАРТСАҢ ӨГIЗ ӨЛЕДI, БЫЛАЙ ТАРТСАҢ АРБА СЫНАДЫ» Украинада өткен жексенбiде аяқталған парламенттiк сайлаудан кейiнгi тартыс әлi толастаған жоқ. Қайта күн өткен сайын саяси күштер арасында бәсеке күшейiп барады. Сайлау қорытындысында 32 пайыз басым дауысты «Аймақтар партиясының» лидерi Виктор Янукович жеңiп алса да, қай партияның үкiмет құратыны әлi белгiсiз. Толығымен![]() БАЛАМА «ПАРЛАМЕНТ» һәм ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ Заң шығарушы орган жанынан тағы бiр палатаның «тұсауы» кесiлдi. «Су жаңа» Қазақстан Республикасы Парламентi мәжiлiсiнiң жанындағы қоғамдық сараптамалар палатасы Парламентке келiп түскен заң жобаларының сапасын талқыға салып, қос палатаға ұсынумен айналысады. Балама «Парламенттiң» дүниеге келуiне не мәжбүрлеп отыр? Негiзiнде бұл саламен заң бойынша Үкiмет айналысуы керек емес пе? Шындығына келгенде, бүған атқарушы билiк даярлаған құжаттың көп ретте сол сала өкiлдерiнiң психологиясы түрғысынан дайындала бермейтiндiгi басты себеп болса керек. Толығымен![]() Мұрағат |
|
||||||||
|
|
||||||||||